Жәрдемақы 2022 жылы өсті ме?

4831

2022 жылы АЕК-тің былтырғы 2 917 теңгеден 3 063 теңгеге немесе 146 теңгеге өсуіне байланысты әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар мөлшері артқан.

Жәрдемақы 2022 жылы өсті ме? Фото: inbusiness.kz

Нәтижесінде, бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақының мөлшері:
• 1-ші, 2-ші және 3-ші балаға – 38 АЕК-ті (116 394 теңгені);
• 4-ші және одан да көп балаларға – 63 АЕК-ті (192 969 теңгені) құрайды
Жұмыс істемейтін әйелдер (декреттік демалыс алған жұмыссыз ерлер) үшін 1 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақының биылғы мөлшері:
• 1-ші балаға – 5,76 АЕК (17 643 теңге);
• 2-ші балаға – 6,81 АЕК (20 859 теңге);
• 3-ші балаға – 7,85 АЕК (24 045 теңге);
• 4-ші және одан көп балаға – 8,90 АЕК (27 261 теңге) болуға тиіс.
Төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар көпбалалы отбасылар үшін жәрдемақы отбасының табысына қарамастан тағайындалады:
• 4 балаға – 16,03 АЕК (49 100 теңге);
• 5 балаға – 20,04 АЕК (61 383 теңге);
• 6 балаға – 24,05 АЕК (73 665 теңге);
• 7 балаға – 28,06 АЕК (85 948 теңге);
• 8 және одан да көп балаға – 32,06 АЕК (98 200 теңге), оған қоса әрбір келесі балаға 4 АЕК-тен (12 252 теңгеден).
Яғни, Қазақстанда көпбалалы болу тиімдірек. Ал саны 3-ке дейінгі баласы бар орташа отбасыларға бүгінде 17–24 мың теңгені қанағат қылуға тура келеді.

Жанат Ардақ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу