Жарма ауданы Шуақ ауылында қосымша қазандық іске қосылды

265

Бүгін таңертең "Шуақ" жылу орталығындағы №1 қазандық тоқтады. Басты себебі - құбырлардың жарылуы.  

Жарма ауданы Шуақ ауылында қосымша қазандық іске қосылды Фото: gov.kz

Осыған байланысты №2 қосымша қазандық іске қосылды, деп жазады inbusiness.kz.

Ауа райының температурасы (-30°С) ескеріле отырып, жылу желісіндегі судың температурсын біртіндеп жоғарылату қолға алынды. Сонымен қатар, тұтынушылар мен жылу құбырлары тексерілді.

Қазіргі уақытта қазандықтың жұмысын қадағалау мақсатында Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков, Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Серік Төленбергенов Шуақ ауылына арнайы барып, жағдайды бақылауда ұстап отыр. Қазандықтың жұмысы тоқтаған жоқ.

Анықтама:

Жарма ауданы Шуақ ауылын орталықтандырылған жылумен жабдықтауды "Жарма Су" КМК қазандығы қамтамасыз етеді. Оның тұтынушылары 283 абонент: 8 көппәтерлі тұрғын үй, фельдшерлік-акушерлік пункт, балабақша, мектеп және ОВ-156/21 колониясы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу