Жарма ауданында бір ауыл карантинге жабылды

588

Мамандар жағдайды тексеріп, бақылауды жалғастыруда.

Жарма ауданында бір ауыл карантинге жабылды Фото: agroinfo.kz

Абай облысы Жарма ауданына қарасты ауылдардың бірінде карантин енгізілді. Онда малдарға бруцеллез тарай бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Індет Бұлақ ауылында тарап жатыр. Ауырған малдың саны 200-ге жуықтаған.

– Бүгінгі таңда шаруа қожалықтарынан 193 бас ірі қара мал союға жіберілді. Барлық ауру зертхана арқылы расталды, – делінген облыстық ветеринария басқармасынан ақпаратында.

Ведомствоның хабарлауынша, ветеринарлық талаптарға сай карантиндік шаралар жүргізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу