Жарма ауданында карантин жарияланды

183

Абай облысы Жарма ауданы Бұлақ ауылында ірі қара малдан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу шаралары енгізілді.  

Жарма ауданында карантин жарияланды Фото: dairynews.ru

Абай облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, аймақта 200-ге жуық мал бруцеллез жұқтырған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бүгінгі таңда шаруа қожалықтарынан 193 бас ірі қара мал союға жіберілді. Барлық ауру зертхана арқылы расталды", – делінген басқарманың хабарламасында.

Осыған байланысты өңірде ветеринарлық талаптарға сай карантиндік шаралар жүргізілген.

Ветеринариялық қызметтің мәліметінше, бұл елді мекенде соңғы үш айда 50-ге жуық бруцеллез тіркелген.

Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу