Жарма орман шаруашылығы аумағында заңсыз алтын өндіріліп келген

669

Шығыс Қазақстан облысында ерекше қорғалатын табиғи аумақтан заңсыз алтын өндіру фактісі тіркелді, деп хабарлайды Atameken Business.   

Жарма орман шаруашылығы аумағында заңсыз алтын өндіріліп келген

Аталған оқиға "Семей орманы" табиғи резерватының Жарма орман шаруашылығы аумағында болған. Анықталғандай, жер қойнауын пайдаланушылар Балқылдақ өзенінің бойынан 100 метрдей қашықтықта жер қазған. "Бұл - табиғат қорғау заңнамасын бұзу",- дейді мамандар.

Себебі, олар жердің жоғарғы бетін алып тастап, оның төменгі қабаттарымен араласуына жол берген. Соның кесірінен жердің құнарлы қабаты бұзылыпты. Қазіргі уақытта барлық материалдар құқық қорғау органдарына жіберілген. Келтірілген шығын көлемі 2,6 млрд теңгені құрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу