Жәрмеңкедегі өнім бағасы нарықтағыдан 10-20 пайыз төмен болды

1086

Жәрмеңкедегі өнім бағасы нарықтағыдан  10-20 пайыз төмен болды

Тараздағы жәрмеңкеде жалпы құны 52,6 млн теңгені құрайтын 117,4 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары сатылымға қойылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Тараз қаласының "Достық" орталық алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі болып өтті.
Өнімдердің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкеге облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арзан бағада өнімдерін ұсынды.
Жәрмеңкеде жалпы құны 52,6 млн теңгені құрайтын 117,4 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары сатылымға қойылды. Атап айтқанда 16 тонна ет (жылқы, сиыр, қой, шошқа және тауық еті), 10,2 тонна сүт өнімдері, 5 тонна шұжық өнімдері, 4 мың дана жұмыртқа, 5 тонна қарақұмық, 5 тонна күріш, 5 тонна қант, 3,5 тонна өсімдік майы, 1,5 тонна балық, 2 тонна бал, 1 тонна кондитерлік өнімдер мен 2 тонна макарон өнімдері, 0,2 тонна тұз, 1 тонна кептірілген жеміс және 56 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері болды.
Айта кетерлігі, аталған жәрмеңке облыстың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұрғындарға сатуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде жәрмеңкедегі тауарлардың бағалары нарық бағаларынан 10-20 пайыз төмен болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу