Жәрмеңкелерде қант қолжетімді бағада сатылуда – Алматы қаласы әкімдігі

670

23-24 шілдеде жәрмеңкелерде қантты көлеміне қарай келісіне 500 теңге мен 530 теңге аралығында сатып алуға болады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Жәрмеңкелерде қант қолжетімді бағада сатылуда – Алматы қаласы әкімдігі

"Алматыда демалыс күндеріндегі жәрмеңкелер мен әлеуметтік дүкендерге қанттың қосымша жеткізілуі қамтамасыз етілді. Жобаны қалалық Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы мен "Алматы" ӘКК" АҚ бірлесіп жүзеге асырып отыр. Қантты көтерме бағада жеткізушілермен келісім-шарт жасасудың арқасында осындай мүмкіндікке қол жетті. Акция алдағы демалыс күндері де жалғасады", – деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Шаһар басшылығы, сондай-ақ "Алматы" ӘКК" АҚ-мен бірлесіп дүкендерге арналған көтерме қойма ашылғанын жеткізді. Мұнда дүкендер қантты көтерме бағамен ала алады. Әлеуметтік дүкендер қант бағасына тек 15% үстеме баға қосуға міндеттеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу