Жарнама және маркетинг саласындағы қызмет көлемі бір жылда 15%-ға азайды

421

Барлық қызметтің 75%-ы Алматының үлесіне тиді.

Жарнама және маркетинг саласындағы қызмет көлемі бір жылда 15%-ға азайды Фото: Geek Brains

Былтырғы 12 айда елдегі жарнама қызметі және нарық конъюнктурасын зерттеу саласындағы қызмет көлемі 355,1 млрд теңгені құраған. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда ақшалай мәнде 5,8%-ға аз, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап. 

Республика бойынша алып қарастырсақ сектордағы қызметтердің басым бөлігі Алматыда көрсетілді: 267,1 млрд теңге. Мегаполиске барлық қызметтің 75,2%-ы тиесілі.

Одан кейінгі орында Астана орналасты (38,6 млрд теңге). Үздік үштікті Қарағанды облысы қорытындылады: 19,7 млрд теңге.

Жарнама қызметі және нарық конъюнктурасын зерттеу саласындағы қызметтердің ең аз көлемі Ұлытау (75,2 млн теңге), Түркістан (195,5 млн теңге) және Жетісу (364,5 млн теңге) облыстарында көрсетілді. 

Сектордағы қызмет көлемінің 81,7%-ы жарнама агенттіктерінің үлесіне тиді: 290,2 млрд теңге. Бұл былтырғыға қарағанда 16,4%-ға аз.

БАҚ-та жарнама орналастыру секторындағы қызмет көлемі 11,6%-ға артып, 10 млрд теңгені құрады. Нарық конъюнктурасын зерттеу және қоғамдық пікірді зерттеу қызметтері 2,7 есеге өсіп, 54,8 млрд теңгеге жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу