Жарты миллион қазақстандық мүлік салығын төлеуден жалтарып жүр

471

Бұл уақытта жарты миллион қазақстандық мүлік салығын төлеуден жалтарып жүр. Олардың мемлекет алдындағы қарызы 1 миллиард  теңгеден асады. 

Жарты миллион қазақстандық мүлік салығын төлеуден жалтарып жүр Фото: egemen.kz

Меншік иелері 1 қазанға дейін берешегінен құтылуы қажет еді. Одан кешіккендерге кірістер комитеті хабарлама жіберіп, ескерту жасады. Заңға сәйкес бұл азаматтарға тағы 1 ай уақыт берілген. Бүгінде салықтық төлем жасамаған 553 мың адамның шоты бұғатталып, оларға шығарылған салық бұйрықтары сот орындаушыларға жіберілді. Төлем жасамай жүргендер көбіне мегаполис тұрғындары екен. Мәселен, Алматылық 33 мың 400 мүлік иесінің 180 миллион теңге қарызы болса, Шымкент қаласының 66307 азаматы 508 миллион теңге салығын әлі күнге дейін төлемеген. 26 мың Астаналықтың  324 миллион теңге салығы жинақталған. 

"Жалпы мүлік салығын уақытылы төлемегені үшін жеке тұлғаларға ешқандай айыппұл салынбайды, тек қана өсім болып есептеледі. Сонымен қатар егер жеке азаматтың қарызы 1 аектен асса, бұл жағдайда мемлекеттк кірістер органдары оған тиісті хабарландыру жібереді. Осы хабарламаны алған азаматтар егер 3 жұмыс күн бойы салығын төлеемесе,  олардың үстінен салық бұйрығы шығарылады да, тиісті сот орындаушыларға жіберіледі. Сот орындаушылары өндіріп алу, мәжбүрлі өндіріп алу шараларын қолданатын болады", деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Айнұр Сартаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу