Қаулы 2 желтоқсанда қабылданды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жаңа ережеге сәйкес, 500 мың теңге және одан жоғары сомаға айырбастау кезінде жеке куәлік деректерін, ЖСН және заңды мекенжайды ұсыну қажет болады. Дәл осындай талаптар енді алтынмен жасалатын операцияларға да қолданылады. Мұндағы негізгі мақсат – деректерді тізілім журналына тіркеу.
"Айырбастау операцияларын жүргізу бағамы бойынша бес жүз мың теңге баламасынан аспайтын сомада айырбастау пункттері (оның ішінде автоматтандырылған айырбастау пункттері) арқылы жүргізілген айырбастау операциялары бойынша тізілімдер журналында клиенттің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) (аты және әкесінің аты толық көрсетіледі) және жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) тіркеледі", – делінген құжатта.
Сонымен қатар, тура осындай талаптар енді осы сомадан асатын құйма алтынмен жасалатын операцияларға да қойылады.
Айырбастау операциялары бойынша қызметті реттеу үшін уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдар ұсынатын есептерді түзету мерзімдері 6 айдан 1 айға дейін қысқартылып отыр.