Жарты жылда еліміздегі кәсіпорындарда 727 жұмысшы зардап шеккен

190

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 24,5%-ға өсіп отыр.  

Жарты жылда еліміздегі кәсіпорындарда 727 жұмысшы зардап шеккен Фото: gov.kz

2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша еліміздің кәсіпорындарында 727 жұмысшы зардап шеккен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл ретте ауыр жарақат алған жұмыскерлер саны 409-дан 476 адамға дейін, яғни 16,4%-ға артқан.

Осыған орай, министрлік өндірісте жарақат алудың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейтіп жатыр.

"Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті еліміз бойынша 500 мыңнан астам жұмыс берушіге еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды күшейту жөніндегі ұсынымдарын жолдады", – деп хабарлады министрлік.

Айта кететін жайт, Қазақстанда 2025 жылы жұмыста 2 328 адам зардап шеккен, оның ішінде 184 адам қайтыс болған. Басым бөлігі ірі және орта кәсіпорындарда болған – 1 941 жағдай, шағын кәсіпорындарда 387 дерек тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу