Жарты жылда Қазақстаннан 8,5 мың адам қоныс аударды

1080

Қазақстаннан көбінесе қалада тұратындар көшіп кетуде. 

Жарты жылда Қазақстаннан 8,5 мың адам қоныс аударды

Ranking.kz мониторинг агенттігінің статистикасына сәйкес, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22% - ға артық. Дегенмен елге келген адамдар саны былтырғы жылға қарағанда 8,4% – ға артық, яғни 3,2 мың болды. Бұл сыртқы көші-қон сальдосының 3,4 мыңнан 5,2 мың адамға дейін артуына ықпал етті.

Қазақстаннан көбінесе қалада тұратындар көшіп кетуде. Биылғы жылдың үш айында олардың саны 7,1 мың адамды құрады.

Бұл ретте ауылдан кеткендер саны 1,2 мыңнан астам, ал келгендер саны 1,3 мыңнан астам адам болған.

Қоныс аударушылардың басым бөлігі 16 жастан бастап зейнет жасына дейінгілер. Мәселен, 15 жасқа дейінгі балалар бойынша кері сальдо 1,4 мың адамды, зейнеткерлер бойынша — тек 27 адам болған.

ТМД елдерімен арадағы ең үлкен кері сальдо — 4,8 мың адам, басқа елдермен тек 419 адамды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу