Жарылғаш зат бар деп шипажайды шулатқан

659

Меркіде террорлық акт жасалғалы жатыр деп хабарлап, жалған ақпарат берген Тараз қаласының 41 жастағы тұрғыны ұсталды.

Жарылғаш зат бар деп шипажайды шулатқан

Алдыңғы күні түс ауған шақта басталған бәрі. Аяқасты түскен хабарламадан кейін аяқтарынан тік тұрған полиция қызметкерлерінің суыт жүрісінен Меркі шипажайындағылар шулап қалған.

Оқиға былай болған. Тараз қалалық полиция басқармасының жедел бақылау орталығына  белгісіз тұлға "33 жастағы азаматшаның Меркі шипажайына сөмкесіне жарылғыш заттар салып бара жатқанын" хабарлаған.

Басқармаға хабарлама тура 15.00-де түскен. Оқиға орнына жедел жеткен аудандық полиция қызметкерлері сол аумақты түгел тексеріп, ешқандай жарылғыш затты таппаған. Күдікті азаматша да анықталмаған.

Меркі аудандық полиция басқармасы және ҰҚК қызметкерлерiнiң жедел iздестiру шараларын жүргізіп, жалған ақпарат берген азаматты қолға түсірді. 41 жастағы тараздық күдікті кінәсін толық мойындап, аудандық уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қазір аталған дерекке қатысты Қылмыстық Кодекстің 273-бабымен (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ардақ Үсейінова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу