Жарылыстан үйі зардап шеккен Арыс тұрғынының жанайқайы

787

Былтыр жарылыстан зардеп шеккен Нұрлыбаевтар отбасы  суық үйде қыстап шығыпты.  

Жарылыстан үйі зардап шеккен Арыс тұрғынының жанайқайы

Үйін соңына дейін жөндеп бермеген мердігерлерге Арыс тұрғыны шағымдануда. Былтыр жарылыстан зардеп шеккен Нұрлыбаевтар отбасы  суық үйде қыстап шығыпты.  Есік-терезесі,  едені жоқ үйде 4 адам тұрып жатыр. Жарылыстан кейін, бұл аймаққа Алматы облысы жауапты болған. Алайда олар құрылысты соңына дейін жеткізбей кетіп қалған. Тек көрнекілік үшін сыртын ғана сылап-сипап, ішін сол қалпы қалдырған. Ал құжат бойынша бітті деп бекітіпті. Нұрлыбаевтардың айтуынша,  үй тұруға жарамсыз. Бірақ барар жерлері жоқ. Карантинге дейін жөндеп береміз деген билік әлі уәдесін орындамаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу