Бүгін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 6 жас ғалымға тұрғын үй сертифкаттарын салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Президенттің 2024 жылғы 31 мамырдағы тапсырмасын орындау аясында жас ғалымдарды қолдау және олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында Астана мен Алматы қалаларында баспана беру жұмысы жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, жас ғалымдарға 2023-2027 жылдарға арналған жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама арқылы тұрғын үй алу мүмкіндігі қарастырылған.