"Жас ғалым" жобасына 1 мың зерттеу гранты бөлінеді

1224

Жыл сайын 500 ғалым шетелде тағылымдамадан өтеді. 

"Жас ғалым" жобасына 1 мың зерттеу гранты бөлінеді

Президент өз Жолдауында ірі бизнес өкілдерін университеттердің ғылыми қызметін қамқорлыққа алуға үндеді. 

"Ғылым саласын дамыту туралы да айтқым келеді. Бұл мәселеде бізге тың көзқарас пен жаңа тәсілдер керек. Сондай-ақ, халықаралық тәжірибеге арқа сүйеуіміз қажет. Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ, "Жас ғалым" жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырамын. Ғылымды қаржыландырудың және қолдаудың  маңызды көзі – ірі кәсіпорындардың, әсіресе шикізат саласындағы компаниялардың қаражаты. Тапқан табысының  бір пайызын ғылым мен технологияны дамытуға беру туралы қолданыстағы норма талаптары сақталмай отыр. Көп жағдайда бұл қаражат компаниялардың ішінде бөлініске түсіп кетеді. Үкіметке осы қаражатты жинақтау ісін орталықтандыруды және оны бюджет арқылы жалпыұлттық ғылыми басымдылыққа сай бөлінуін қамтамасыз етуді тапсырамын. Ірі бизнес өкілдері өңірлік университеттердің ғылыми қызметін қамқорлыққа алса, нұр үсітне нұр болар еді. Бізге елімізді ғылыми-технолгиялық тұрғыдан дамыту жөніндегі арнаулы бағдарламалық құжат қажет. Оның басты міндеті – ұлттық деңгейдегі нақты мәселелерді шешуде ғылымның әлеуетін пайдалану болмақ", – деді Президент.

Есжан Ботақара 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу