Жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға конкурс басталды

425

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға конкурсты бастады, деп жазады inbusiness.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға конкурс басталды

Конкурстық құжаттамаға сәйкес өтінімдер ғылымды дамытудың келесідей басым бағыттары бойынша қабылданады:
- Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;
- Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;
- Энергетика және машина жасау;
- Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
- Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;
- Өмір және денсаулық туралы ғылым;
- Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;
- Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;
- Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;
- Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу