Жас қазақстандықтарды Францияда оқуға шақырады

390

Байқау 2023 жылдың 25 маусымына дейін жалғасады.

Жас қазақстандықтарды Францияда оқуға шақырады Фото: islaminform.ru

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ ("Болашақ") және Францияның Қазақстандағы елшілігі арасындағы үшжақты ынтымақтастық шеңберінде жас мамандарға арналған тілдік даярлау бағдарламасына қатысу үшін конкурс жарияланады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жеңімпаздар француз тілін үйрену бойынша бір жылдық курстан тегін өтуге, содан кейін Францияға тағылымдамадан өтуге немесе француз университетінің магистратурасына түсу үшін француз тілін үйренуді жалғастыруға мүмкіндік алады.

Қатысу шарттары:

  • 35 жасқа дейінгі жастар;
  • GPA инженерлік-техникалық бейіндегі бакалавр дипломы 3.0-ден кем емес;
  • инженерлік-техникалық мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі бір жылдан кем емес болуы шарт.
  • Басым бағыттар: ауыл шаруашылығы, инженерлік-техникалық сала, ядролық және жаңартылатын энергия, телекоммуникация, информатика және IT.      
  • Инженерлік-техникалық бейіндегі мамандарға арналған "Болашақ" бағдарламасы бойынша кәсіпорында тағылымдамадан өтуге немесе магистратурада оқуға ынталы азаматтарға арналған. (мамандықтар тізбесі).
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу