"Жас маман" жобасы шеңберінде бөлінген қаражаттың 171 млн теңгесі жымқырылған

681

Білім беру саласындағы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі ҚМА Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті тергеуде, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жас маман" жобасы шеңберінде бөлінген қаражаттың 171 млн теңгесі жымқырылған

"Департамент қызметкерлері "Жас маман" жобасы шеңберінде бөлінген 171 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Жобаның мақсаты колледждер мен жоғары оқу орындарын неғұрлым сұранысқа ие 100 кәсіп бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болатын", – деп жазады дереккөз.

ҚМА баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде бірқатар жедел-тергеу іс-шаралары, оның ішінде тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу