"Жас отандықтар" медицина қызметкерлеріне "Алғыс пакеттерін" тапсырды

1008

Елордада коронавирусқа қарсы күреске 2,5 мыңнан астам медицина қызметкері жұмылдырылған.

"Жас отандықтар" медицина қызметкерлеріне "Алғыс пакеттерін" тапсырды

Коронавирусқа қарсы күрес кезінде отандық дәрігерлерді қолдау аясында жасотандықтар "Алғыс пакеттерін" тарату акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. 

Әрбір пакетке дәрігерлерге арналған витаминдер мен пайдалы өнімдердің оннан астам түрі салынған. Айта кетерлігі, өнімдер дәрігерлердің ұсынысы бойынша салынған.

Акция еліміздің барлық өңірлерінде жалғасын табуда.

"Бүгін біз, жасотандықтар, біздің ержүрек дәрігерлеріміз үшін акция ұйымдастырдық. Өйткені, олар бүкіл қоғамды әбігерге салған коронавирус пандемиясымен күнделікті күресуде. Біз бұл індетті бірлесіп жеңеміз деп сенемін", – дейді ерікті Айдарбек Бақдаулет.

Қалалық фтизопульмонология орталығының, № 3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының және "Рамада Плазада" орналасқан дәрігерлерге алғыс пакеттері табысталды.

"Jas Otan" ЖҚ 100-ден астам еріктісі бірнеше апта бойы өз отбасыларынан оқшаулауға мәжбүр болған орта буын медицина қызметкерлері үшін "Алғыс пакеттерін" таратуды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу