"Жас талғамайтын ауру": Қатерлі ісік дендеп барады

583

ДДҰ мәліметтері бойынша әлемде әрбір алтыншы өлім онкологиялық аурулар салдарынан болады.  

"Жас талғамайтын ауру": Қатерлі ісік дендеп барады Фото: phonoteka.org

Our World in Data деректеріне сәйкес, 2019 жылы әлем бойынша 10,1 миллион адам қатерлі ісік түрлерінен көз жұмды.

Бұл 1990 жылмен салыстырғанда 75,1% көп, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Қатерлі ісіктің ең көп таралған түрлеріне сүт безі қатерлі ісігі, өкпе обыры, тоқ ішек пен тік ішек қатерлі ісігі және қуықасты безінің обыры жатады.

Жаман аурудан болатын өлім-жітім Батыс Тынық мұхиты аймағында (3,6 млн адам), Еуропада (2,3 млн) және Америкада (1,6 млн) жиі тіркелген. Оңтүстік-Шығыс Азияда 1,5 млн адам көз жұмса, Африкада – 533,6 мың адам, Шығыс Жерорта теңізі аймағында – 477,4 мың адам.

Өлімнің ең көп таралған себептерінің арасында трахея, бронх және өкпе обыры бірінші орында тұр. Бұл ауру түрінен 2 млн адам қайтыс болды. Бұл 1990 жылға қарағанда 91,8%-ға артық.

Қайғылы жағдайға әкелетін қатерлі ісік түрлеріне тоқ ішек пен тік ішек обыры, асқазан обыры, сүт безі обыры, ұйқы безі обыры және өңеш обыры жатады.

Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім 70 жастан асқан адамдар арасында жиі тіркелді: 4,9 млн адам. 50-69 жас аралығындағы науқастардың арасында қатерлі ісіктен 4 млн адам, 15-49 жас аралығындағы 1,1 млн адам көз жұмған.

Қатерлі ісіктен 5 жасқа дейінгі 44,5 мың бала, 5-14 жас аралығындағы 54,9 мың бала қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу