Жас туристер слеті өтті

1073

 Жас туристер слеті өтті

Солтүстік Қазақстанда жас туристер слеті өтті. Екі күнге созылған слетке Көкшетау және Қызылжар өңірлерінен құрамында  жүзге жуық мүшесі бар 10 команда қатысып, бірнеше кезеңнен тұратын сайыстарда  күш сынасты, деп хабарлайды egemen.kz.
"Балаларға арқан көпір арқылы өту, тауға өрмелеу, от жағу, шатыр құру сияқты шарттар қойылды. Олар ептіліктерін көрсетумен бірге  әсем табиғатты да тамашалайды. Бойларына туған жерге деген сүйіспеншілік қасиеттерді ұялатады", дейді  облыстық дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери дайындық оқу-әдістемелік орталығының директоры Қанат Сәдуақас. Шатыр құру бәсекесінде Қызылжар ауданының жас қырандары  жылдамдық танытса, арқан арқылы өткелден өтуде Петропавл қаласының "Планета" командасы ешқандай қателікке бой алдырмай тәжірибелі екендіктерін байқатты. Тауға өрмелеуде Ғ. Мүсірепов  ауданының өкілдері алда болды. Ал от жағып, алау тұтату шартын қызылжарлықтар ғана шектеулі уақыт ішінде орындай алды. Шалқар көлінің жағалауында әрі тынығып, әрі өзара күш сынасқан жас туристердің жеңімпаздары республикалық кезеңге жолдама алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу