Жас ұстаздарға арналған 350 орындық баспана орталығы ашылды

1816

Орталықта шахмат, үстел теннисі қойылған демалыс бөлмесі, кітапхана, асхана, оқу сыныптары бар.

Жас ұстаздарға арналған 350 орындық баспана орталығы ашылды

Елордада жас ұстаздарға арналған 350 орындық баспана орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа орталық – бұл жай ұстаздар тұратын орын ғана емес, жас мұғалімдер сабақтан алған әсерімен бөлісетін, заманауи идеялар мен инновациялық білім беру жобаларын талқылайтын диалог алаңы. Елордалық жас мұғалімдер клубы мен көшбасшылардың резерв мектебі де осы жерде жұмысын жалғастырады.

"Жастар өзінің біліктілігін арттыру үшін осында тәжірибелі педагогтарды шақырып тұрамыз", – дейді Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин.

Айта кетейік, орталықта шахмат, үстел теннисі қойылған демалыс бөлмесі, кітапхана, асхана, оқу сыныптары бар.

Қазіргі уақытта 200-ден астам жас ұстаз кілттерін алып, қоныстана бастады.

Үміткерлер келесі критерийлер бойынша таңдалды: педагогикалық білім (үздік диплом алғандарға артықшылық беріледі), жалпы жұмыс өтілі 5 жылға дейін (Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарында). Үміткерлерді таңдау кезінде педагогикалық қызметте жетістіктері бар және білім беру ұйымының қоғамдық өміріне қосқан үлесін ескере отырып, жас мұғалімдерге артықшылық беріледі.

Өтінімдерді білім басқармасындағы комиссия қарайды.

Бір айға төлем 17 мың теңге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу