2024-2026 жылдарға арналған теміржол желісін цифрландыру жоспары аясында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Trip Optimizer және KinetiX интеллектуалды кешендерін енгізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазіргі таңда жүк пойыздарына арналған Trip Optimizer интеллектуалды круиз-бақылау жүйесімен 425 локомотив жабдықталып, 10 мың шақырым теміржол жолы цифрландырылды.
Өз кезегінде, 8 модульден тұратын KinetiX цифрлық диагностика кешені тәулік бойы жұмыс режимінде 4,6 млн-нан астам осьті тексеріп, 17,6 мыңнан астам ақауды анықтады. Оның ішінде 448-інің қаупі жоғары.
Келесі кезең – Kinetix-ті Павлодар, Тобыл, Арыс, Достық, Алтынкөл, Сексеуіл және Шалқар бағыттарында масштабтау. Бұл халықаралық және транзиттік маршруттарда жылжымалы құрамды диагностикалаудың бірыңғай цифрлық контурын жасауға мүмкіндік береді.