Жаслан Мәдиев цифрлық даму бірінші вице-министрі қызметінен босатылады

502

Үкіметтің қаулысымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев 30 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметінен босатылады.

Жаслан Мәдиев цифрлық даму бірінші вице-министрі қызметінен босатылады

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жаслан Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін, Массачусетс технологиялық институтын бітірген. 

Еңбек жолын 2004 жылы "Альянс Банк" АҚ Халықаралық қатынастар департаментінің Халықаралық қаржы институттарымен жұмыс басқармасының маманы болып бастаған.

2007-2018 жылдары "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Kazyna Capital Management" АҚ, "Қазақстанның даму банкі" АҚ, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ компанияларының құрылымдарында жұмыс істеді.

2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі.

2020-2022 жж. – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары.

2022 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып қызмет етіп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу