Жаслан Мәдиев Starlink жүйелерінің Қазақстандағы жұмысқа дайындығын тексерді

96

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды енгізудің аралық нәтижелерін талқылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаслан Мәдиев Starlink жүйелерінің Қазақстандағы жұмысқа дайындығын тексерді Фото: Үкімет

Жиынға бейінді мемлекеттік органдардың мамандары да қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыбы 2025 жылғы 12 маусымда қол қойылған келісімнің жүзеге асырылу барысы болды.

Құжатқа қол қойылған сәттен бастап жоба белсенді кезеңге өтті. Компания ел аумағында жерүсті инфрақұрылымын өрістету жұмыстарына кірісті.

Тараптар келісім аясындағы міндеттемелердің орындалуын егжей-тегжейлі талдап, жүйелердің техникалық дайындығын бағалады.

Техникалық мәселелермен қатар, спутниктік желі жұмысын Қазақстанның құқықтық өрісіне толық интеграциялау мақсатында оның реттеуші нормаларға сәйкестігіне ерекше назар аударылды.

Айта кетейік, 2025 жылғы 12 маусымда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен "Starlink Kazakhstan" компаниясы Қазақстан аумағында спутниктік интернетті іске қосу туралы келісімге қол қойды.

Пилоттық жоба шеңберінде компания жерүсті инфрақұрылымын құру, оны пайдалануға беру және техникалық іске қосу жұмыстарын жүргізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу