Жаслан Мәдиев Жасанды интеллект министрлігі қалай құрылатынын айтты

Бұл туралы министр Үкімет отырысында мәлімдеді.

Жаслан Мәдиев Жасанды интеллект министрлігі қалай құрылатынын айтты Фото: Үкімет

Жасанды интеллект министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі базасында құрылмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Бұл ретте инновациялық саясат жөніндегі функциялар Ғылым және жоғары білім министрлігіне берілетін болады. Жарлықтың жобасы әзірленді, мемлекеттік органдардың келісуінде жатыр, – деді Жаслан Мәдиев.

Сондай-ақ, министр 5 жылда 1 миллион адамға ЖИ дағдыларын үйрету жоспарланғанын айтты. 

– Қазақстанда "ЖИ-қозғалыс" бастамасын іске асыру жалғасып жатыр. Бес жыл ішінде біз 1 миллион азаматқа жасанды интеллект дағдыларын үйретеміз. Оқушылар мен студенттер үшін TUMO, Tomorrow School, AI Sana және AI OLYMP бағдарламалары, сондай-ақ Day of AI бастамасы енгізіліп жатыр. Мемлекеттік қызметшілер үшін AI Qyzmet бағдарламасы жұмыс істейді, квазимемлекеттік секторда AI Corporate іске қосылады, ал ауқымды аудитория үшін Tech Orda және Qazqoders және Yandex курстарын қоса алғанда, онлайн-курстар мен акселерациялық бағдарламалар қолжетімді, – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу