Жасөспірім қыздардың бала босануы сиреп келеді

480

Жасөспірімдер арасында түсік жасату саны да азайып келеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2018 жылы 15 жасқа дейінгі түсік жасатқан жасөспірімдер саны 27 болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 15-ке дейін төмендеді, деп жазады inbusiness.kz.  

Жасөспірім қыздардың бала босануы сиреп келеді Фото: inform.kz

Жалпы, 15 пен 18 жас аралығындағы жастар арасында түсік жасату 2020 жылы 1122 жағдай болса, 2021 жылы – 1094 болды.

"Сонымен қатар жасөспірім қыздардың бала босануы да жылдан жылға төмендеп келеді. 2021 жылы 15 пен 18 жас аралығындағы қыздар арасында бұл көрсеткіш 1000 қызға шаққанда 23,8 жағдайды құраған, 2015 жылмен салыстырғанда бұл 7,2 жағдайға аз.

Өңірлер бөлінісінде жасөспірімдер арасында ең жоғары туу көрсеткіші Түркістан (36,3), Маңғыстау (36,2) және Жамбыл (34,3) облыстарында байқалады. Ең төменгі көрсеткіш Алматы (11,5) мен Астана (12,8) қалаларында" , - делінген . Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпаратта.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу