Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының өту мерзімі ауысты

559

Әлем чемпионаты 7-12 шілде аралығында өтуге тиіс болатын. 

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының өту мерзімі ауысты

Бүкіләлемдік жеңіл атлетика қауымдастығы коронавирус қаупіне байланысты 2020 жылы Найробиде өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының ауыстырылатынын хабарлады. Әлемдік ұйым Кения билігімен бірлесе отырып осындай шешімге келген, деп жазады olympic.kz.

Әлем чемпионаты 7-12 шілде аралығында өтуге тиіс болатын. 

"Біз спортшылар мен ресми тұлғалардың және көрермендердің денсаулығына жауаптымыз. Ұйымдастыру комитетінің үлкен жұмыс атқарғанын мойындаймыз. Нағыз спорттық мерекені сыйлағысы келгендерге алғыс айтамыз. Алайда, мұндай жағдайда тәуекел ету қауіпті. Коронавирусқа қатысты ғаламдық жағдай өте қауіпті", – делінген хабарламада. 

Әлем чемпионаты өтетін мерзім кейін анықталады.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу