"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы мемлекет меншігіне өтеді

394

Бұл туралы ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды.

"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы мемлекет меншігіне өтеді Фото: inform.kz

"Қазақстан қоғамдық даму институты" КЕАҚ құрамындағы "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы мемлекет меншігіне өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы енді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне бағынады.

"Жастар" ҒЗО" ЖШС ғылыми зерттеулер жүргізетін және мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз етуетін бірыңғай республикалық ғылыми-әдістемелік орталыққа айналады" делінген қаулының түсіндірме жазбасында.

Еске салайық, "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы құрамында болған "Қазақстан қоғамдық даму институты" КЕАҚ 2019 жылы 123 850 000 теңге республикалық бюджет қаражаты есебінен және "Рухани жаңғыру" деген атаумен құрылған болатын. Ал 2022 жылы институттың атауы өзгеріп, одан "Рухани жаңғыру" сөздері алынып тасталды.

Қаулы жобасын жария талқылау мерзімі – 16 маусымға дейін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу