Жастар құрамасы жағажай волейболынан Азия чемпионатына қатысып жатыр

731

Қазақстандық спортшылар Таиланда жағажай волейболынан 21 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионатына қатысуда, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Жастар құрамасы жағажай волейболынан Азия чемпионатына қатысып жатыр

12 шілде күні басталған құрлықтық дода 15 шілдеге дейін жалғасады. 

Жарыстың алғашқы күнінде Лаура Кабулбекова/Надежда Иванченько жұбы Тайланд құрамасынан 2:0 есебімен ұтылды. 

Айсұлу Мұхтарқызы/Әсемай Сабанбаева Австралия, Дархан Аманжолов/Дамир Лапов тайландық жұптан, Александр Кетиладзе/Александр Измаилов Ираннан, Айсұлу Мұхтарқызы/Әсемай Сабанбаева жұбы Тайланд командасынан жеңіліп қалды. 

Айта кетерлігі, 21 жасқа дейінгі Азия біріншілігіне Қазақстан сапынан 19 жасқа дейінгі жас спортшылар қатысып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу