Жастар жалдамалы пәтерге айына 10-12 мың теңге төлеп тұрады

1231

29 жасқа дейінгі жастарға жалдамалы тұрғын үй қалай беріледі?

Жастар жалдамалы пәтерге айына 10-12 мың теңге төлеп тұрады

Үкімет болашақта сатып алу құқығынсыз тапсырылатын баспаналарға құжатты қарашада қабылдайды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің комитет төрағасы Мадияр Қожахметтің айтуынша,  ең басты талап жастардың тұрақты жұмысы болуы керек. Сондай-ақ ол үкімет үміткерлердің "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде" есепшоты болуын қадағалайтынын ескертті. Өйткені арзан бағаға үй жалдағандар болашақтағы үйі үшін банкте ақша жинауға міндетті.

"Үміткердің қызметтегі жетістіктері бойынша тиісті куәлік, растайтын құжатын көрсетсе, қосымша тағы жеңілдіктер беріледі. Бұл – өз мамандығында, өз саласында жетістіктерге жетіп жатса, сондай жастарға алдын ала үй беруге мүмкіндік болады. Бұған қоса, отбасы және балалары болған жағдайда қосымша балл беру қарастырылған" - дейді ол.

Үміткерлерді іріктеу кезінде отбасылы адамдар, жас кәсіпкерлер мен бюджеттік ұйымның қызметкеріне басымдық беріледі. Оған қоса, сұранысқа ие мамандық иесі бірінші кезекте баспаналы болуы мүмкін. Шенеуніктер осы талаптарға сай келетін елордалық, алматылық және Шымкент тұрғындарына 3 мыңнан аса пәтер бермек. Оның жалпы аумағы 40 шаршы метрден аспайды. Жалдамалы баспанаға қол жеткізгендер 5 жылға айына небәрі 10-12 мың теңге төлеп тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу