ШҚО-да жастардың шетелдік ЖОО-ға кетпеуі үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді

1045

Грантты беруде талапкердің облыста кемінде үш жыл бойы еңбек етуі міндеттеледі. Бұл шара сонымен қатар жұмыссыздықтың алдын алмақ.

ШҚО-да жастардың шетелдік ЖОО-ға кетпеуі үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді

ШҚО-да 400-ден астам талапкер жоғары білімді тегін ала алады, деп хабарлайды ustinka.kz.

Өңір билігі кадрларды қажетті мамандықтар бойынша оқытуды жоспарлап отыр. Талапкерлер С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де тегін білім ала алады. Студенттерді оқытуға арналған қаражат техникалық ғылымдар мен технологиялар, білім беру, гуманитарлық ғылымдар, өнер, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер және ауыл шаруашылығымамандықтары үшін беріледі.

Жергілікті бюджеттен бөлінген білім беру грантына 5 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұдан басқа, ағымдағы жылы ШҚО басшылығы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімді кадрларды даярлау үшін қосымша 67 орынды мемлекеттік тапсырыспен оқытпақшы.

"Гранттарды берудегі негізгі мақсат - мектеп бітірушілерінің шетелдік университеттерге кетуін азайту, - деп түсіндіреді ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова. - Өткен жылы басқа елге 890 бала кетсе, ал 2016 жылы 1800 талапкер кетіп қалды. Аймақ басшысы Даниал Ахметов шетелге кету санын қысқарту міндетін алдына қойды".

Грант алуға өтініштерді қабылдау 5 тамызда басталды және 10 тамызға дейін жалғасады. Бағдарламаға қатысу туралы толық ақпаратты ШҚО әкімдігінің сайтынан, облыстық білім беру басқармасының сайтынан, сондай-ақ талапкерлер аталған үш жоғары оқу орындарының порталдарынан таба алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу