Қылмысқа ұрынып қалмаңыз: ІІМ студенттерге үндеу жасады

204

Ведомство мәліметінше, жоғары жалақы ұсынатын жұмыстарға күмәнмен қарап, қауіпсіздігін тексеріп алған жөн.  

Қылмысқа ұрынып қалмаңыз: ІІМ студенттерге үндеу жасады Фото: gov.kz

Ішкі істер министрлігі оқушылар мен студенттерге жазғы каникул кезіндегі қауіпсіздік мәселесіне қатысты үндеу жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Құрметті оқушылар мен студенттер! Жазғы демалыс қарсаңында Ішкі істер министрлігі қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударады. Санаулы күндерден соң көптен күткен каникул басталады. Бұл - тынығу мен сергуге, жаңа әсер алуға таптырмас уақыт. Алайда бір маңызды мәселе бар бар. Дәл осы кезеңде интернетте және әлеуметтік желілерде тез әрі оңай табыс табуға бағытталған "тартымды" ұсыныстар жиі кездеседі. Бірақ олардың артында есірткі тасымалдау, тарату, сондай-ақ насихаттау мен жарнамалау сияқты заңсыз әрекеттер жасырынуы мүмкін. Бұл жай ғана қауіп емес, бұл қылмыс", – делінген ІІМ таратқан хабарламада.

Ішкі істер министрлігі ескертеді: есірткіге қатысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады.

Ең қатаң – жаза өмір бойына бас бостандығынан айырылу.

"Бір ғана "жеңіл табыс" бүкіл өміріңізге балта шабуы мүмкін. Егер сізге күмәнді жұмыс ұсынылса, бірден бас тартыңыз. Жылдам табыс иллюзиясы үшін басыңызды қатерге тікпеңіз. Саналы таңдау жасағаныңыз абзал. Еркіндік ақшадан қымбат. Ал болашақ уақытша пайдадан маңызды", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу