Жастарға жалпы сомасы 21,3 млрд теңгеге 4 734 микрокредит берілді

Мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына 181,5 мың азамат жұмысқа орналастырылды. 

Жастарға жалпы сомасы 21,3 млрд теңгеге 4 734 микрокредит берілді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысында халықты жұмыспен қамту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына 181,5 мың азамат жұмысқа орналастырылды, оның 44% - ын жастар құрайды. Оның ішінде қоғамдық жұмыстарға – 114 843, әлеуметтік жұмыс орындарына – 16 908, жастар практикасына – 27 456, "Күміс жас" – 14 027, "Алғашқы жұмыс орны" – 7 859, "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары аясында – 406 азамат жұмыспен қамтылды.

"Жұмыспен қамтылған азаматтардың жалпы санының 50%-ға жуығы (365,8 мың) 35 жасқа дейінгі жастар. Сонымен бірге жұмыспен қамтылғандардың басым көпшілігі (49%) Түркістан (15%), Жамбыл (9%), Ақтөбе (7%), Алматы, Қарағанды және Қызылорда облыстарының (6%) азаматтары.

Сондай-ақ, жасалып жатқан жұмыс нәтижесінде жұмыспен қамтылған азаматтардың 67 пайызының (490 мың) отбасы құрамында кемінде бір адам жұмыс істей бастады, 244 мың азаматтың отбасы құрамында екі және одан да көп адам жұмыс істейді. Жұмыспен қамтылған азаматтардың 51%-ы ауыл тұрғындары", – деді Светлана Жақыпова.

Сондай-ақ, Министр Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында жастарға микрокредит беру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Бүгінгі таңда 7 116 өтінім қабылданды, оның ішінде жалпы сомасы 21,3 млрд теңгеге 4 734 микрокредит берілді.

Бұдан басқа 418 бизнес-жоба өңірлік комиссиялардың қарауында және 637 өтінім Агрокредиттік корпорацияның өңірлік филиалдарының қарауында.

"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының келесі бағыты мемлекеттік гранттар беру болып табылады. Алғашқы екі лектің нәтижесінде халықтың осал топтары арасынан 5 316 азамат грант алды. Жалпы республика бойынша грант алушылардың басым көпшілігі көп балалы отбасылардың қатарынан – 2899 грант, мүгедектігі бар азаматтардың қатарынан 1038 адам, мүгедектігі бар баланы қараушылар қатарынан 631 адам, атаулы әлеуметтік көмек алушы 365 адам екендігін атап өту қажет.

2 062 адам технологиялық жабдықты сатып алу үшін, 1 568 адам – ірі және ұсақ мал сатып алу мақсатында, 957 адам – еңбек құрал саймандарын сатып алу үшін гранттар алды", – деді Светлана Жақыпова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу