"Жасым үлкен деп әңгіме айта беруге болмайды": Еділ Жаңбыршин эколог Мэлс Елеусізовпен келіспей қалды

841

Депутат экологқа қатаң ескерту жасады.

"Жасым үлкен деп әңгіме айта беруге болмайды": Еділ Жаңбыршин эколог Мэлс Елеусізовпен келіспей қалды Фото: ашық дереккөз

Бүгін Мәжілістегі суды пайдалану және экологиялық қауіпсіздік жөніндегі дөңгелек үстел отырысында талқылау барысында эколог Мэлс Елеусізов пен депутат Еділ Жаңбыршин сөзге келіп қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Депутат Еділ Жаңбыршин Елеусізовке сөз берілгендігі, басқаларына сөз беру керектігін айтып, Мэлс Елеусізовке қатаң ескерту жасады.

"Біз қазір сұрақ-жауап беріп жатырмыз. Содан кейін барып сөйлеңіз. Экология үшін жаны ашып жүрген жалғыз сіз емес қой. Барлығымыздың жанымыз ашиды. Сіз жиналысты бөлмеңіз. Бұл жерде басқарып отырған адам бар. Біз жиналысты жапқан жоқпыз ғой. Жиналыстың шырқын бұзбаңыз. Микрофонды өшіріңіздер. Қазір мүлдем ажыратып тастаймыз. Бұл жерде басқарып отырған адам бар. Тәртіп сақтаңыз. Жасым үлкен деп әңгіме айта беруге болмайды. Бұл – мемлекеттік орган. Парламент – базар емес", - деді Жаңбыршин.

Алайда эколог су мәселесі бойынша үлкен қауіп төніп тұрғанын айтты.

"Қауіп өте үлкен. Мен бұл тақырыппен 35 жыл айналысамын. Бұл ағынды сулар мәселесі. Сорбұлақ жарылған жағдайда Іле ауданының бір бөлігі және бүкіл Балқаш ауданы жойылады. Қауіп қорқынышты, сіз тіпті елестете алмайсыз", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу