Жат ағымды насихаттаған 70-тен астам адам түзету мекемелерінде отыр

1149

Жат ағымды насихаттаған 70-тен астам адам түзету мекемелерінде отыр

Павлодардағы түзеу мекемелерінде 70-тен астам адам жат ағымдарды насихаттағаны үшін жазасын өтеуде. Бұл туралы бүгін "100 нақты қадам" Ұлт жоспары аясында өткен кездесу барысында облыстық дін істері басқармасының басшысы Дәулет Зәкәриянов айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
"Өңірде діни ахуал тұрақты, - дейді Дәулет Зәкәриянов. - Азаматтарды теріс ағымдарға кетіп қалуының алдын алу мақсатында және білместікпен жат сенімге ергенді тәрбиелеу бойынша жұмыс үздіксіз жүргізіледі".
Жат ағымды насихаттағандарың барлығының жымысқы ойлары әшкере болып, теміртордың ар жағында жазаларын өтеуде. Павлодардағы түзеу мекемелеріндегі 70 адам еліміздің әр өңірінен. Мықты діни мамандардың насихат жұмыстарының арқасында бұл азаматтардың жартысынан көбі дәстүрлі дінге қайта оралған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу