Жаттықтырушылардың жалақысын көтеру мәселесі қаралады

1130

Дәурен Абаевтың айтуынша, бүгінде дене шынықтыру факультетін бітіргендер күзетші болып жүр.

Жаттықтырушылардың жалақысын көтеру мәселесі қаралады

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев алдағы уақытта елдегі жаттықтырушылардың жалақысын көтеру мәселесі қаралатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ведомство басшысы жаттықтырушылар, судьялар, спорт ардагерлерінің жағдайын жасау маңызды екенін атап өтті.

"Талдау спорт түрлеріне білікті жаттықтырушылардың жетіспейтінін көрсетті. Бүгінде азаматтық қызметшілердің еңбекақы төлеу жүйесі бойынша біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушының жалақысы – 63 мың теңге. Осыған байланысты дене шынықтыру факультеттерінің түлектері қызмет көрсету саласы, күзет фирмалары, құқық қорғау органдары қызметкерлері қатарын толықтырып жатыр, бірақ спортшылардың қатарын емес", – деді министр дене шынықтыру және спорт саласының кеңейтілген алқа отырысында.

Сондай-ақ ол бүгінде кәсіби жаттықтырушылардың зейнет жасына жақындауына байланысты кадр тапшылығы мәселесі барын жеткізді.

"Осыған байланысты Үкіметте даярлаудың бастапқы кезеңіндегі жаттықтырушылардың жалақысын көтеру туралы ұсыныстар енгізіледі және оларды материалдық ынталандыру мәселелерін пысықтаймыз", – деді Дәурен Абаев

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу