Жауын құрты қатерлі ісікті емдеуде пайдаланылады

3986

Жауын құрты қатерлі ісікті емдеуде пайдаланылады

Польша ғалымдары жауын құртының қатерлі ісікті емдеуде пайдалы екенін дәлелдеді, деп хабарлайды islam.kz.

Олар осы жәндіктегі целом сұйығының өкпедегі ісікті жоя алатынына зертханада көз жеткізген.

Бұл құрт саңырауқұлақ, бактерия, топырақтағы өсімдік қалдықтарымен қоректеніп, патогенді және патогенді емес микроағзаларды қорыта алады. Демек, оның ішіндегі целом сұйықтығы құрттың өзін инфекциядан қорғауға қабілетті. Сонымен қатар, ғалымдар сол целомның ауру жасушалармен қоса, сауын да жоя алатынын байқады. Бұдан қауіптенген мамандар сұйықтықты 70 градус ыстықта қыздырып, оның тек рак жасушаларын 75-80 пайызға жоятынын анықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу