Ерлан Тұрғымбаев: "Жауынгерлердің рухын көтереміз", "150 мың теңгеден береміз"

2863

Ішкі істер министрлігі әскери қызметкерлердің әзірлігін арттыру, олардың моральдық рухын көтеру бойынша іс-шараларды жүзеге асырады. Бұл туралы Үкімет отырысында министр Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Ерлан Тұрғымбаев: "Жауынгерлердің рухын көтереміз", "150 мың теңгеден береміз"

"Ең алдымен материалдық базаны нығайту көзделіп отыр. Оған Үкіметтен қаржы бөлінген. Сонымен қатар жауынгерлердің рухын көтеру үшін Отанды сүюге, қызметке адал болуға тәрбиелеу бойынша жоспар бар. Қиындыққа шыдау, төзімділік бойынша арнайы тренингтер ұйымдастырылды", – деді Тұрғымбаев. 

Оның айтуынша, ынталандыру, қызметкерлердің еңбегін бағалау тұрақты жүзеге асырылады. 

"Мысалы, төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз еткен қызметкерлерге 150 мың теңге, курсанттар мен әскерлерге бағалы сыйлықтар беріледі. Жалпы жеке құрам қауіпсіздікті қамтамасыз етуге толық дайын", – деді министр.

Айта кетейік, Ұлттық экономика министрі Президент тапсырмасымен "Әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимылдар жоспары" бекітілгенін мәлімдеген.

Бұл жоспарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қалпына келтіру, әлеуметтік және басқа да инфрақұрылымдар, әлеуметтік мәселелер, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, халық пен кәсіпкерлікті қолдау және ұйымдастыру-қаржы мәселелері қамтылған. Жоспар жалпы 51 іс-шарадан тұрады. Ішкі істер министрлігі осының ішінде өз саласы бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу