Жаз басталғалы Қазақстанға 250 мыңнан аса шетелдік келді

436

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 еседен артық.

Жаз басталғалы Қазақстанға 250 мыңнан аса шетелдік келді Фото: gov.kz

"еQonaq" ақпараттық жүйесінің дерегі бойынша 1 маусым мен 23 шілде аралығында еліміздің қонақ үйлерінде 250 468 шетел азаматы тоқтаған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 еседен артық. Былтыр осы кезеңде 77 645 шетелдік туристер отандық қонақ үйлерде демалған.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәлім етті.

ТМД елдерінен келген туристер саны 180 мың немесе 72% құрады. Бір қызығы, өткен жылы дәл осы көрсеткіш 77% құраған. Яғни, алыс шетелден келген туристердің үлесі артып отыр.

Мәселен, Моңғолия – 11,6 есе (489-дан 5 683-ке дейін) Қытай – 8,5 есе (2 223/ 18 954), Үндістан – 4,7 есе (1 245/5 887), Оңтүстік Корея – 3,8 есе (939/3 585), Иран – 3,8 есе (237/897), Германия – 3 есе (1 659/5 054), АҚШ – 2,2 есе (1 237/2 761) өсті.

Шетелдік туристердің елімізде демалуға келетін басты бағыттары –  бұл Алматы қаласы (1 маусым мен 23 шілде аралығында – 77 308 турист), Астана қаласы (38 463 турист), Алматы облысы (19 049 турист) және Маңғыстау облысы (15 062 турист).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу