Жазасын өтеп жүрген жәрмеңкеге қатысты

1163

Жазасын өтеп жүрген жәрмеңкеге қатысты

Тараздағы түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту көрсеткіші 90 пайызға жетті. Бұған колониялар аумағында жеке іс бастаған кәсіпкерлер қатарының артуы сеп болды.

Темір торға қамалғандардың қолынан шыққан бұйымдар өңірде өткен көрме-жәрмеңке барысында көрсетілді. Шарада әртүрлі материалдан жасалған заттардың 100-ден астам түрі көпшілік назарына ұсынылды. Жақсыбек Садырқұлов кезінде жаза басып, 5 жылға сотталған. Қазір ЖД 158/7 түзеу мекемесінде жеке кәсіпкердің қол астында еңбек етеді. Ол киіз үйдің қаңқасы мен түрлі ұлттық нақыштағы жабдықтарды жасайды. Тапқан табысының бір бөлігін жергілікті балалар үйіне қайырымдылыққа жіберіп отыр.

"Басынан аяғына дейін дайындау үшін бір киіз үйге ішіндегі заттарын қосқанда, бір жарым ай уақыт кетеді. Қазір менің қасымда менен бөлек тағы 4 адам бар", - деді Жақсыбек Садырқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу