Жазасын өтеушілер жақындарымен бейнебайланысқа шықты

1183

Жазасын өтеушілер жақындарымен бейнебайланысқа шықты

Қостанайда құқық қорғау қызметтері орталығында онлайн режимдегі ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Хабар 24.

Облыста алғаш рет ұйымдастырылған шарада Құсмұрын түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер туған-туыстарымен бейнебайланысқа шықты. Бүгінгі ашық есік күнінде бес азамат темір тордың ар жағындағы жақындарымен тікелей тілдесуге мүмкіндік алды. Олардың әрқайсысына 15 минуттан уақыт берілген.

"Жаңашыл қадам жазасын өтеп жатқан азаматтардың құқығы бұзылмауын қадалағайды. Әрі сотталғандардың тәртібінің түзелуіне де оң ықпал етеді. Сонымен қатар олардың туған-туыстары үшін де тиімді. "Өйткені облыстағы түзеу мекемелері өңірдің көптеген тұрғындары үшін тым шалғай орналасқан", – дейді игі шараны ұйымдастырған облыстық прокуратура қызметкерлері.

"Арқалықты білесіздер, алты жүз шақырым. Мына жағында Жетіқара, оны әрбір азаматтың қалтасы көтермейді. Материалдық қиындықтар туындайды. Және олардың шағымдануына тыйым салуы да мүмкін. Азаматтар бір-бірімен тең құқылы, осы мақсатта бүгінгі бейнебайланысты қабылдау өткізіп жатырмыз. Егер осы шаралар жүзеге асып, оң нәтиже беріп жатса, жалғасын табады", - дейді облыс прокурорының орынбасары Марат Сматов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу