Жазда Алматы билігі қалаға қосылған кенттерде коммуналдық желілерді салады

702

Қала маңында 250 шақырымнан астам коммуналдық желі салынады.

 Жазда Алматы билігі қалаға қосылған кенттерде коммуналдық желілерді салады

Алматы билігі қала маңында 250 шақырымнан астам коммуналдық желіні салады, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".        

"Жазда Қарасу, Нұршашқан, Заря Востока, Алғабас, Первомайка, Боралдай, Таужолы, Құрамыс және Жайлау қосылған кенттерінде  58 мыңнан астам үй үшін сумен қамту және кәріз желісінің 250 шақырымын салуды бастайды", - деп жазды қала әкімі Бауыржан Байбек өзінің Твиттердегі парақшасында.

Сонымен қатар қала басшысы биыл қаланың барлық көпқабатты үйлерінің 50%-ын қамтумен 600-ден астам ауланың жаңартылатынын айтты.

"Бүгін Наурызбай ауданындағы қосымша аулаларды күрделі жөндеуге қаражат бөлдік. Қаланың бес ауданында арық желісі жауын-шашын кәрізі салынатын болады", - деп атап кетті Б.Байбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу