Жазда Бурабайға тек пойызбен 145 мың жолаушы тасымалданады

343

Бурабай курорты станциясына түрлі санаттағы 10 жолаушылар пойызы аялдайды.  

Жазда Бурабайға тек пойызбен 145 мың жолаушы тасымалданады Фото: rail-news.kz

Табиғаты көркем өңір жыл сайын ішкі туризмнің ең сұранысқа ие бағыттарының бірі ретінде мыңдаған демалушыны қабылдайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бурабай бағыты бойынша келесі пойыздар қатынайды:

  • №47/48 "Нұрлы жол – Атырау" – күнара;
  • №83/84 "Қарағанды – Мәскеу" – аптасына екі рет;
  • ⁠№105/106 "Алматы – Петропавл" (Talgo) – күнара;
  • №113/114 "Алматы – Қазан" – аптасына бір рет;
  • ⁠№139/140 "Павлодар – Пресногорьковская" – күнара;
  • ⁠№145/146 "Нұрлы жол – Омбы" – аптасына үш рет;
  • ⁠№323/627 "Нұрлы жол – Петропавл/Қызылту" – күнара;
  • №887/888 "Нұрлы жол – Бурабай курорты" – аптасына бес рет;
  • ⁠№6829/6830 "Сороковая – Көкшетау" – күн сайын;
  • №7507/7508 "Нұрлы жол – Көкшетау" – күн сайын.

Жолаушылар пойыздарына билеттер сатылымы пойыз жөнелтілетін күнге дейін 45 тәулік бұрын ашылады және жөнелтуге 10 минут қалғанда тоқтатылады. Ал қала маңындағы пойыздарға билеттер 10 тәулік бұрын сатылымға шығып, пойыз жөнелгенге дейінгі 10 минутқа дейін қолжетімді болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу