Демалыс мерзімінің басталуымен Қарағанды өңіріндегі ең танымал туристік бағыттардың бірі – Балқаш көліне қатынайтын көлік қатынасы кеңейтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
1 маусымнан бастап Қарағанды – Балқаш бағыты бойынша №220/219 қосымша жолаушылар пойызы қатынай бастайды.
Мұндай шешім жаз мезгілінде жолаушылар ағынының дәстүрлі түрде артуы ескеріле отырып қабылданды. Құрамында 6 вагон қарастырылған: 2 купе және 4 плацкарт вагоны. Бұл жолаушыларға қолайлы әрі қолжетімді сапар мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Теміржол қатынасымен қатар, жаз айларында Балқашқа әуе рейстері де. Маусымнан тамызға дейін Алматы – Балқаш – Алматы және Астана – Балқаш – Астана бағыттары бойынша тікелей субсидияланатын рейстер іске қосылады.
Қарағанды облыстық туризм басқармасында атап өткендей, теміржол және әуе қатынасының дамуы Балқаш көлінің жағалауына қолжетімділікті арттыруға және туристер үшін жайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған.