Жаздық дақылдарды сақтандыруға өтінім қабылдау аяқталуға жақын

99

Бұл шара еліміздің 11 өңіріндегі аграрлық сектор өкілдерін қамтиды. 

Жаздық дақылдарды сақтандыруға өтінім қабылдау аяқталуға жақын Фото: gov.kz

Жаздық дақылдарды ылғал тапшылығынан сақтандыруға өтінім қабылдау 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін (қоса алғанда) жалғасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, бағдарлама Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарында жүзеге асырылады.

Бағдарлама аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер дәнді және майлы дақылдарды сақтандыру мүмкіндігіне ие. Дәнді дақылдар бойынша үш кезеңді сақтандыру 15 мамыр мен 15 тамыз аралығын, ал екі кезеңді сақтандыру 15 маусым мен 15 тамыз аралығын қамтиды. Майлы дақылдар үшін үш кезеңді сақтандыру мерзімі 15 маусымнан 14 қыркүйекке дейін, ал екі кезеңді сақтандыру 15 шілдеден 14 қыркүйекке дейін белгіленген.

Мемлекет тарапынан сақтандыру жүйесіне қолдау көрсетіліп, сақтандыру полисі құнының 80 пайызы субсидияланады. Бағдарламаны іске асыру бойынша төлемдердің операторы – "Аграрлық несие корпорациясы".

Өтінімдер Kezekte.kz порталы арқылы онлайн форматта қабылданады. Сақтандыру шарттарын уақытылы рәсімдеу аграршыларға өсімдіктердің вегетациялық кезеңінде туындайтын қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты қаржылық тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу