Жедел штаб: Бүгін Екібастұздағы тағы бір жылу желісінде құбыр жарылды

513

Екібастұз қаласындағы апатты жою жөніндегі жедел штаб 6 желтоқсандағы жағдай бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде мәлімет ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Жедел штаб: Бүгін Екібастұздағы тағы бір жылу желісінде құбыр жарылды Фото: Константин Шелков

Қазіргі уақытта Екібастұздың 6, 5а және 5б шағынаудандарында жылу желілері қатып қалған үйлерге жылу беруді қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Апатты жою жөніндегі штаб басшысы – ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың хабарлауынша, 6 желтоқсан күні сағат 08.00-дегі жағдай бойынша кіреберістерді жылуға қосу жұмыстары 4 үйде жүргізілуде. Бұл жұмыстарды бүгін аяқтау жоспарланған. Зардап шеккен нысандарға бекітілген кәсіпорындар тәулік бойы инженерлік коммуникацияларды қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатыр.

"6 желтоқсан күні таңғы сағат 04:30-да №6 шағынаудандағы орамішілік жылу желісінде құбыр жарылды (жылу құбырын бұратын ЦТП 63, диаметрі 159). Оған жөндеу бригадалары жіберілді. Осыған байланысты Бауыржан Момышұлы көшесіндегі 42, 54, 46, 44, 48, 50, 52 және Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 59, 61, 65, 57а, 63, 63А, 63Б, 67А тұрғын үйлеріне ыстық су беру қысқа уақытқа тоқтатылды, құбырды сағат 14:00-де дейін жөндеу көзделген", - делінген Үкіметтің Telegram-каналында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу