Жедел штабқа өтінішті қалай жіберуге болады?

1050

Карантин және ТЖ мәселелері бойынша консультацияларды iKOMEK109 жедел желісі бойынша - 1-0-9 нөмірі арқылы алуға болады.

Жедел штабқа өтінішті қалай жіберуге болады?

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет ету жөніндегі жедел штабқа өтініштерді тек ресми арналарға келесі тәсілдермен жіберуге болады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

  • -  ccc@astana.kz;
  • -Әкімдіктің ресми сайты - astana.gov.kz;
  • - Telegram чат-бот (t.me/nursultanikomek109_bot);
  • Ikomek109 (PlayMarket / AppStore) мобильдік қосымшасы;
  • Smart Astana (PlayMarket/AppStore) мобильдік қосымшасы. 

Карантин және ТЖ мәселелері бойынша консультацияларды iKOMEK109 жедел желісі бойынша - 1-0-9 нөмірі арқылы алуға болады.

Жеке мәселелер (жерлеу рәсімі, емдеу және т.б.) бойынша карантин аумағында тұрып жатқан азаматтар өтініш бере алады. Онда өтініш берушінің толық аты-жөні, ЖСН, өтініш беру себебі, тұлғанының жеке басын куәландыратын  құжаттар және кері байланыс нөмірі міндетті түрде көрсетілуі қажет. Басқа email, телефон нөмірлері жарамсыз саналады!

"Чаттарда жалған ақпарат тарап жатыр. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурстарындағы ресми хабарламаларға ғана сенуді сұраймыз",– деп ескертеді әкімдіктен.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу