Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі оқыс оқиғаның қалай өрбігенін айтып берді

3027

Оның сөзінше, шабуыл жасаған ер адам әу бастан агрессивті болған.

Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі оқыс оқиғаның қалай өрбігенін айтып берді Фото: Бейнежазбадан

 

Жедел жәрдем жүргізушісі дәрігерлерді Қарағандыдағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласына шақыртуға алып келгенде, ер адам оны соққыға жыққан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Бізде қалыпты күн болатын. Шамамен сағат 23:57-де қоңырау түсті, біз тез арада 2-ші блокқа, №30 үйге бардық. Біздің фельдшерлер жеделдетіп үйге кіріп кетті, себебі ол жерде бір жасар бала ауырып жатқан еді, – дейді Төреғали Берікқалиұлы.

Оның айтуынша, фельдшерлердің бірі 4-5 минуттан кейін үйден шығып, планшетке бланкілерді толтыра бастаған. Бір-екі минуттан кейін тумбочка көтеріп келе жатқан жас жігітпен жанжал басталды. Жедел жәрдем оның жолын бөгеп тұрғандықтан ер адам әдепсіз сөздер айтқан.

– Мен оған шақыртуда тұрғанымды және кете алмайтынымды түсіндірдім. Ал ол кетіп қалған сияқты болды. Алайда, кейін ол тумбочкасыз қайтып келіп, тағы да балағат сөздер айта бастады. Мен көліктен түстім, сол кезде фельдшер телефонына не болып жатқанын түсіре бастады, себебі ер адам агрессивті болды. Мен оған науқасты, баланы қарауға келгенімізді түсіндіруге тырыстым. Бірақ ол мені тыңдамады, – дейді жедел жәрдем жүргізушісі.

Ашуланған ер адам ештеңеге құлақ аспай, жүргізушінің бетінен бірнеше рет соққы бергенде, сол жақ көзі ісіп кетеді. Жүргізуші рөлге ие бола алмағандықтан, дәрігерлер екінші топ пен полицияны шақыруға мәжбүр болды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Қарағанды ​​тұрғыны жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан болатын. Полицейлер төбелескен адамның кім екенін анықтады. Қазіргі уақытта шабуыл жасаған адамды ұстау жұмыстары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу